Оқушыларға уақытты тиімді басқаруға көмектесетін 10 алтын кеңес⏳ ⭐1.Күніңді жоспарла және құрылымды ет Кешкісін ертең не істеу керек, қай пәнге қанша уақыт арнау керек жоспарлап ал, тізім жаз. ⭐2.Түсінікті мақсаттар қой Әрбір мақсат нақты, өлшенетін, қол жетімді болуы керек. Мен ертең биология оқимын емес, кітаптан 10 - 20 бет аралығын оқимын, нақты "Омыртқалылар" тақырыбын оқимын деп жоспарла. ⭐3.Приоритеттерді анықтап ал Бітпейтін істердің астында қалып қоймау үшін оларды маңыздылығына, тез бітуіне байланысты бөліп үйрен. Маңызды істерді алдымен орындап шұғыл емес істерді екінші орынға қой. ⭐4.Өз ритміңді тап Өзіңді зертте. Түнімен оқығаннан гөрі, таңертең 1 сағат ерте тұрып оқыған дұрыс шығар? Немесе саған таңертең миды ояту қиын шығар? Біреуге бірнеше сағат отырып барлық істі бітіріп тастаған ыңғайлы болса, біреуге аз - аздан бөліп жасаған оңай. ⭐5.Орысша айтқанда работая-работай Бір іске барлық фокусыңды арнаған кезде ол іс тез әрі ұқыпты бітеді. Телефоныңды өшір, әлеуметтік желілерді жап. Қанша уақыт үзіліссіз жұмыс жасай аласың, мүмкіндігіңше ұзағырақ отыруға тырысып көр. Жеңіл болу үшін "Қызанақ" әдісін қолданып, таймер орнат: 30 минут жұмыс, 5-10 минут үзіліс. Осылайша күніне 30 минуттық жұмысты 3,4 рет қайталаудың өзі саған жетіп жатыр. ⭐6.Мотивация тап Бір істі бітіру қиын болса, зауқың болмаса, ертеңгі күніңді ойла. Бүгінгі іс - әрекетің ертеңгі нәтижеңе әсер ететінін есіңнен шығарма. ⭐7.Жұмыстарды кезектестір Миымыз біртекті жұмыстан тез шаршайды. Математикадан кейін xимия қарама, кейін биология, тариx сынды пәндер қараған тиімдірек. ⭐8.Басқалармен бірік Біреуге логикалық ойлау оңай, ал біреуге xимия есептері оңай, оны қолдану керек. Сыныптасыңнан түсінбеген сұрағыңа жауап алудан ұялма. Өзіңде артық білім болса бөліс. ⭐9. Өз - өзіңе есеп бер Кейде барлық кеңестерді іске асыруға тырысасың, бірақ кешкісін орындалмаған жоспарлар, соның әсерінен нашар көңіл - күй, шаршау болуы мүмкін. Кейде 2 сағатта бітіремін деген ісің 4 сағатқа созылып кетіп де жатады. Оның себебі жоспар құру барысында ерекшеліктеріңнің ескерілмей қалуы. Күнделікті сериал көруің керек, қалай да соған тартып тұрса, оны да жоспарға қосып қой. Үй шаруалары болса оны да жоспарға қос. Уақытыңды есептей отырып, жоспарыңды құр. Тізімге 1045 іс жаза берме. Сонда ғана жасалмаған істер үшін өз - өзіңді кінәләмайтын боласың. ⭐10. Дем алуды ұмытпа! Шаршаған мидың жаңа ақпаратты қабылдауы қиын. Күндіз ең азы 40 минуттық демалыс ұйымдастыр. 8 сағат ұйқысы бар, уақытылы дем алған адам, шаршаған ұйқысы қанбаған адамдан 2 есе эффективті жұмыс жасайды💯